Ауыл

Ветеринариялық дәріхана ашылды

Қызмет

Жуырда Ырғыз ауылында ветеринариялық дәріхана ашылды.

Мұнда үй жануарларына қажетті дәрі-дәрмек, дәрумендер, аурудың алдын алуға қолданылатын екпелер бар. Бұл — ауданда алғаш рет ашылып отырған ветеринариялық дәріхана. Қазір ырғыздықтар осы жерден керегін тауып, қажетіне жаратуда.

Дәріхананы жеке кәсіпкер, Ырғыз ауылының тұрғыны Марат Дүйсенбаев өз қаражатына ашқан. Алдағы уақытта ол мемлекеттен қолдау болса, дәріхана ғимаратын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бүгінде дәріханада сатушы болып кәсіпкердің зайыбы Назерке Жұбаева жұмыс істейді. Оның айтуынша, бұрын ырғыздықтар малға қажетті дәрі-дәрмекті Ақтөбе қаласынан әкелсе, қазір ауылдағы дәріханадан сатып алады. Мұндағы баға облыс орталығындағы дәріханалардың бағасымен бірдей. Себебі кәсіпкер дәрілік заттарды көтерме бағамен сатып алады.

  • Жолдасым екеуміз ақылдаса келе, былтырдан бастап осы дәріхананы ашуды жоспарладық. Бұл жобаның ерекшелігі сол — бұрын-соңды ауданда мұндай нысан болған жоқ. Аудан тұрғындары бізге ризашылығын білдіріп жатады. Халыққа осылай қызмет еткенімізге біз де ризамыз, — дейді ол.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button